Ұлттық фильмдерді қаржыландыру

Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру көлемдері төмендегідей:

1) әлеуметтік маңызы бар фильмдерге, дебюттік фильмдерге, оқиғалы фильмдерге – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сметада көрсетілген өндіріске қажетті соманың жүз пайызы беріледі;

2) бірлесіп шығарған фильмдерге – осы санаттағы фильмдердің өндірісінде қарастырылған келісім шеңберінде беріледі;

3) көпшілік көрерменге арналған көркем фильмдерге берілетін қаржы төмендегі мөлшерден асып кетпеуі тиіс:

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – сметада көрсетілген өндіріске қажетті соманың тоқсан пайызы беріледі;

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - сметада көрсетілген өндіріске қажетті соманың сексен пайызы беріледі;

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - сметада көрсетілген өндіріске қажетті соманың жетпіс пайызы беріледі.

Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде ұлттық фильм болып табылады:

1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалса, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүддеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы танытатындай қызмет етсе;

2) фильмдерді шығару, тарату және көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асырса;

3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;

4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.

Ұлттық фильм деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.