Мақсаттар мен міндеттер

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ары қарай- ҰКҚМО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №113 қаулысымен Қазақстан Республикасының "Кинематография туралы" Заңын тәжірибелік жүзеге асыру мақсатында құрылды.

Мақсаты

Ұлттық кинематографияны қолдау, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық мүдделерге сәйкес келетін сапалы фильмдер шығару үшін жағдай жасау, отандық кинофильмдерді Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде танымал ету, сондай-ақ кино саласына инвестиция тарту.

 

Негізгі міндеттер

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • ұлттық фильмдер ретінде танылуға үміткер киножобаларды қаржыландыру;
  • ұлттық фильмдерді көрсету және прокаттау, сонымен қатар олармен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру (тираждау, дубляждау, субтитрлеу немесе кардрдан тыс аударма, жарнама);
  • ұлттық фильмдердің халықаралық кинофестивальдерге қатысуы, кино күндерін және шетелде ұлттық фильмді алға тартуға бағытталған өзге де іс-шараларды өткізу;
  • кинематография саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • кинематография саласында субсидиялар төлеу.