Басшылық
Сәрсенова Гүлнар Болатқызы

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ М.А.

Кинопродюсер, сценарис, режиссер, философия ғылымдарының кандидаты
Asia Pacific Screen Academy азиялық-тынық мұхиттық киноакадемиясының мүшесі. Халықаралық Пусан кинофестивалінің «Азия киносындағы жыл адамы» жүлдесінің иегері (2008 ж.)
Қазақстан Республикасы Кинематографистер Одағының мүшесі.
Үздік шет тіліндегі фильм аталымы бойынша «Оскар» жүлдесінің үміткері атанған
«Eurasia Film Production» кинокомпаниясының негізін қалаушы, Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ұйымдастырушысы және бас директоры (2005, 2008 жж, Астана).
Екінші қазақстан-америка кинофестивалінің Бас директоры (2010 ж., Алматы).
Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрмет грамотасы және бизнес саласында жетістігі үшін Бонапарт француз медалімен марапатталған.
Кинода жұмыс істеген жылдары түрлі халықаралық кинофестивальдерден 38 призді иемденген.

Төмендегі фильмдердің продюсері: «Нартай» өндіріс үстінде (2019), режиссерлері Г. Сәрсенова, В. Хубутия; «Айка» (2018), режиссері С. Дворцевой; «Параллельные миры» (2013), режиссері Е. Аманшаев; «Моя звезда» (2012), режиссері И. Миронова; «Байқоңыр» (2011), режиссері Ф. Хелмер; «Астана - махаббатым менің» (2010), режиссері Е. Шинарбаев; «Письма к ангелу» (2008), режиссері Е. Шинарбаев; «В электрическом тумане» (2009), режиссері Б. Тавернье; «Базар» (2008), режиссері Бен Хопкинс; «Қызғалдақ» (2008), режиссері С. Дворцевой, «Монгол» (2007), режиссері С. Бодров.

Нарымбетов Сатыбалды Жәлелұлы

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Қазақ кинорежиссері, сценарист, кинодраматург, жазушы, КСРО кинематографистер одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Жорж Садуль атындағы жүлдесінің, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» жүлдесінің лаураеты. «Аманат», «Мұстафа Шоқай», «Қызжылаған», «Көзімнің қарасы» сынды оннан астам көркем фильмнің авторы.

Мұсабеков Олжабай Нұрғисаұлы

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 1968 жылдан бастап Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеген.

Екінші режиссер, картина директоры және продюсері ретінде 30-дан астам көркем фильмдердің жасалуына қатысқан. Әр жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өндірістік-продюсерлік бөлімінің, кинофабрика директоры, өндіріс бойынша атқарушы директор және аудиовизуалды жобалардың жетекшісі қызметін атқарған. Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басшыларының бірі.

Қазақ киносын шетелдерде таныту және тарату мақсатында АҚШ, Францияда және Италияда бірнеше мәдени іс-шараны өткізген. «Кинематография туралы» заң жобасы жұмыстарын ұйымдастырушылардың бірі.

Цай Игорь Артурович

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Продюсер, режиссер, ұрыс сахналарын қоюшы, хореограф.

АҚШ, Қытай, Ресей, Қазақстанда 40 -тан астам жобаларда жұмыс жасаған.

18 жасында Қазақстандағы жалғыз сахналық ұрыс «Кун-до» атты мектептің негізін қалаған. Мектеп 14 жыл ішінде түрлі елдерде 30-дан астам жобаларға қатысқан. 24 жасында «А» санатындағы голливудтік көркем фильмде (Abraham Lincoln: Vampire Hunter) хореограф болып істеген.

2016 жылы шетелдік прокатта ең табысты деп танылған ресейлік жоба – «Ол – Айдаһар» фильмінің продюсері.

2016-2018 жылдар аралығында Bazelevs компаниясында бас продюсер ретінде «Время первых», «Елки-6», «Searching» және басқа фильмдерді шығарған.