Голливуд Қазақстанда кино түсіруді жоспарлап отыр

Бөлісу:

visibility 212

2019 жылғы 18  шілдеде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының стратегиялық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Игорь Цай Лос-Анджелесте америкалық продюсерлермен келіссөз жүргізді.

Кездесуге LIONSGATE, NBC Universal, Warner Horizon, The Discovery, Global Film Solutions және т.б. компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты. Аталған продюсер осыдан аз-кем уақыт бұрын Қазақстанды көріп кеткен болатын.


“Бұл 15-ші “Еуразия” халықаралық кинофестивалі барысында қол жеткізген келісімдердің келесі қадамы. Продюсерлер Қазақстанда кино түсірудің мәселелерімен жан-жақты танысты және америкалық киноөндірушілердің Қазақстандағы бірыңғай операторы - біздің орталықпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеудің қажеттілігін атап өтті. Келесі кездесу тамыз айының аяғына жоспарланып отыр, талқыланатын тақырып Қазақстанда бірнеше америкалық жобаларды түсіру келешегі” - деді Игорь Цай.
“Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған Фэм-тур Голливудтың қызығушылығын туғызатын елдеріңіздің барлық әлеуетін толық көрсетті. Жоғары жауапкершілікті талап ететін ірі жобаларды бастамас бұрын, біз әрқашан сенімді кәсіби серіктестерді таңдаймыз. Голливудтық продюсерлер үшін Қазақстандағы осындай іскери серіктес Андрей Хазбулатов басқаратын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы болып табылады. Біз Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау қалалары туралы сондай-ақ, елдеріңіздің тарихы мен мәдениеті туралы көп мағлұмат алдық. Біз бірнеше жобаларды жоспарлап отырмыз. Әрине, барлық мәселелерді пысықтау үшін уақыт қажет, алайда біз үшін Қазақстанда түсіру өте қызықты. Осы орайда Қазақстандағы кино туралы жаңа заң - ірі жобаларға негіз болатын маңызды аспектілердің бірі екенін айтқым келеді. Біз киноны қолдау орталығымен кинематография саласындағы субсидия мәселесін тереңінен зерттеуді жалғастырамыз. Осы жұмыс аяқталған бойда америкалық кинематографистер ассоциясымен брифинг өткіземіз” - деп атап өтті америкалық “Жаһандық саясат бастамалары” компаниясының президенті Джей Футлик.
Келіссөздер барысында тарихи, мәдени және ғылыми тақырыптар, Қазақстандағы киноөндірісінің бастау алуы, отандық кадрлардың голливудтық кинокомпаниялармен тәжірибе алмасу есебінен біліктілігін көтеру, қазақстан мәдениетінің әлемдік экранға шығуы бойынша Голливудтың үлесіне аса көңіл бөлінді. Сондай-ақ Голливудта “Қазақстанның кино апталығын” ұйымдастыру мәселесі талқыланды.