Досхан Жолжақсынов: бар ғұмырын кинематографқа арнаған

Бөлісу:

visibility 140

ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің алғашқы жүлдесі Қазақстан Республикасының Халық артисі Досхан Жолжақсыновқа «Кинематографқа қосқан үлесі үшін» жүлдесі тапсырылды.

Досхан Жолжақсынов – қазақ мәдениетінің дамуына қосқан зор, шебер актер ретінде халыққа танылған. Оның шығармашылығында театр сахнасында жасаған образдары мен кинода ойнаған 200-ден астам рөлдері бар.  Ол ойнаған туындылардың көбі «Қазақфильмнің» алтын қорына енген. 

Атақты актер кино өнерін бағалаушыларға «Бандыны қуған Хамит», «Өтелмеген парыз», «Қазақ хандығы», «Құнанбай» сияқты туындыларымен белгілі. Айта кету керек, Д.Жолжақсыновтың театрда да, кинода да жасаған жұмыстары ерекше философиялық тереңдікке толы. Досхан Жолжақсыновтың актерлік өнері шынайы сезіммен, тереңдігімен және орындау шеберлігімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, актер боп танылған ол режиссер ретінде де тамаша туындыларды дүниеге әкелді. Оның «Біржан сал» мен «Құнанбай» фильмдері келмеске кеткен көшпенді мәдениетін үлкен экранға әкелуімен құнды.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Досхан Жолжақсыновқа «Кинематографқа қосқан үлесі үшін» сыйлығын табыс ету барысында:

 – «Халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің бірі Досхан Жолжақсыновқа қазақ кинематографына жасаған еңбегі мен өмірі үшін осындай жоғары награданы тапсыру үлкен мәрбете», - деді ол.